Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы 2023 жылдың 6-8 ақпан аралығында РФ Қазан федералды университетінің Елабуга институтында, Психология және білім беру институтында, Иннополис университетінде және Ғабдолла Тоқай атындағы Арск педагогикалық колледжінде ресми сапармен болды.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Б.Т.Шакешев және Қазан федералды университетінің Елабуга институтының директоры Е.Мерзон ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандум ғылыми жобаларды әзірлеу мен іске асыруға, студенттер, магистранттар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын, тағылымдамадан және кәсіби практикадан өтуін белсендіруге, бірлескен қос дипломды білім беруді іске асыруға жол ашады. Делегация институттың материалдық-техникалық базасымен, пәндік және цифрлық зертханаларымен және К.А.Валиев атындағы ғылыми ынтымақтастық үйімен танысты.
Қазан федералды университетінің Психология және білім беру институты – бұл Ресейдің жетекші университеттерімен осы бағыттар бойынша бәсекеге түсе алатын педагогтар мен психологтарды даярлайтын заманауи білім беру орталығы. Психология және білім беру институтының директоры Айдар Калимуллинмен кездесу барысында ғылыми-зерттеу қызметі, кадрларды даярлаудың инновациялық тәсілдері, бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу бойынша келісімдер жасалды. КФУ-де 24-26 мамыр аралығында өтетін IFTE-23 IX Халықаралық педагогикалық форумы университетіміздің қызметкерлері мен ғалымдары шақыру алды.
БҚИТУ делегациясы Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының білім берудегі және жоғары технологиялардағы цифрлық индустрияның көшбасшысы – Иннополис университетіне барып, білім беру процесінің цифрлық жабдықталуымен, тірек білім беру орталығы мен Бірыңғай оқу-әдістемелік орталықтың қызметімен танысып, академиялық мәселелермен айналысатын және білім беру саласында IT-технологияларды енгізумен айналысатын мамандармен пікір алмасылды. AP14872099 «Жоғары оқу орындарында цифрлық білім беру технологияларын интеграциялауға негізделген аралас оқытудың педагогикалық дизайны» жобасы бойынша жетекшісі профессор Бахишева Светлана Мендигалиевна және жоба мүшелері Р.С.Кинжекова, Ж.С.Кажиакпарова, З.Мухтар цифрлық білім беру ресурстарын қолданудағы маңызы, әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы және аралас оқыту жүйесі жобасы аясында өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында БҚИТУ ректоры Шакешев Бекболат Теміржанұлы еліміздің педагогикалық білім беру флагманының қызметі мен жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып, біздің университет еліміздің және бүкіл әлемнің оқу орындарымен ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті. Әріптестікті нығайту бойынша келіссөздер жүргізіліп, білім беру және педагогикалық мамандарды даярлау саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.
Тарихы бай, даңқты дәстүрлері мен қуатты шығармашылық әлеуеті бар және Татарстан Республикасы мен бүкіл Еділ бойындағы білім беру жүйесі үшін білікті кадрлар даярлайтын жетекші білім беру мекемелерінің бірі – Ғабдолла Тоқай атындағы Арск педагогикалық колледжінде болып, материалдық-техникалық базасымен, соның ішінде мультимедиялық жабдықтары орнатылған кабинеттермен, компьютерлік сыныптармен, ойын, гимнастика, тренажер, кітапхана, оқу залдарымен танысып өтті. Арск педогогикалық колледжінің базасында магистранттар үшін тағылымдамадан және практикадан өтуге келісімшарт жасалды.
БҚИТУ ректоры Шакешев Бекболат Теміржанұлы Татарстандағы беткі керамикалық кірпіш өндірушілердің бірі Арск кірпіш зауытында болып, зауыт директоры Л.И.Абдуллинмен келісім сөздер жүргізді. Болашақта инженерлік-гуманитарлық факультет білім алушыларының практикалық дағдыларын тереңдету мақсатында тәжірибе алмасу жоспарланды.