Жобаның міндеттері

1)Цифрлық қоғам дәуірінде оқыту моделін қайта қарастыру қажеттілігін ғылыми-педагогикалық әдебиеттер және әлеуметтік  зерттеулер арқылы ғылыми негіздеу.

2) Жоғары білім берудегі аралас оқытудың әлемдік және отандық тәжірибесін зерттеу және тұжырымдау.

3) Жоғары білім берудегі аралас оқытуды әдіснамалық, дидактикалық, технологиялық тұрғыдан негіздеу арқылы оның педагогикалық дизайнын жасау, құрылымдық - мазмұндық моделін ұсыну.

4) LAMS, LMS, CMS цифрлық білім беру технологияларының интеграцияланған моделін әзірлеу, тиімділігін бағалаудың өлшемдері мен көрсеткіштерін жасау.

5) Цифрлық білім беру платформасында интеграцияланған модельді апробациялау және енгізу.

Бізге жазыңыз
Егер сізде сұрақтар туындаса, контактілеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз