Жоба туралы

Ғылыми Жоба әлемдегі білім беруді трансформациялау үдерісіне сәйкес жоғары оқу орындарында аралас оқытудың ғылыми негіздемесі мен әдіснамалық тұжырымдамасын жасау, цифрлық білім беру технологияларын интеграциялау негізінде аралас оқытудың педагогикалық дизайны мен технологиялық моделін құрастыру және апробациялау мақсатын қойып отыр.

Әлемдегі және еліміздегі зерттеушілердің еңбектерін саралау қазіргі жағдайда үнемі жаңарып отыратын цифрлық білім беру технологияларының мол әлеуеті аралас оқытуда кеңінен пайдаланылмай жүргенін көрсетті. Сонымен қатар, пандемия және одан кейінгі  кезеңдегі оқытуды трансформациялау үрдісі туралы талдаулар оқу орындарында дәстүрлі және қашықтан оқытудың мүмкіндіктерін жинақтап, аралас оқытуды дидактикалық және технологиялық тұрғыдан негіздеудің  жеткіліксіздігін  анықтады. 

Дәстүрлі оқытуды цифрлық заман талаптарына сай қайта қарастыру, онлайн форматта оқытудың мүмкіндіктері мен қайшылықтары оқытудың аралас түрін тереңірек зерттеуге алып келді. Зерттеу міндеттерін жүзеге асыру педагогика және психология, ақпараттық технология мен техникалық ғылымдардың тоғысындағы әдебиеттерді зерделеу; салыстырмалы талдау, модельдеу, синтездеу  әдістеріне негізделеді. Зерттеудің әдіснамасы ретінде пәнаралық байланыс, жүйелілік, іс-әрекеттік, синергетикалық, жобалық тұғырлар, аралас оқыту дидактикасы туралы ізденістер жүргізіліп, жұмыс барысында эксперимент өткізу, қорытындыларын жинақтау, салыстыру, білім берудегі цифрлық ресурстарды саралау тәжірибелері талданатын болады. Аралас оқыту нәтижесінде студенттердің жалпы және кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуын бағалау әдістемесі күтілетін құзыреттілікті өлшеу құралдарын әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

Бұның алдында жүргізілген зерттеу жұмыстары онлайн және офлайн оқытудың байланысын қамтамасыз ете алатын ресурстардың жеткіліксіздігін, оқытудағы цифрлық қарым-қатынасты қолдана отырып, аралас оқыту дизайнын жасақтауғақажеттілік барын айқындаған болатын.Осыған сай, ұсынылған ғылыми Жобаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже - цифрлық технологиялардың дидактикалық әлеуеті қамтылған ғылыми,  әдіснамалық тұжырымдамасын негіздеп, білім берудің цифрлық ресурстарын интеграциялау арқылы аралас оқытудың педагогикалық дизайнын құру, апробациядан өткізу және тәжірибеге енгізу болып анықталды.

Аралас оқытудың педагогикалық   дизайны  теория мен практиканы біріктіреді, дизайн аталу себебі, бір жағынан, оқытуды трансформациялау моделі болса, екінші жағынан, цифрлық кеңістікте пәнаралық жобалау қызметін атқарады. Оның құрылымдық-мазмұндық моделіаралас оқытудың тұғырлары, ұстанымдары, алгоритмі, мақсат-мазмұны, дидактикалық әдістері мен тәсілдері, ресурстары мен технологиялары, күтілетін нәтижелерінен тұратын тұтас жүйесін құрайды. Ұсынылатын құрылымның басқару модулі арқылы білім беру үрдісі ұйымдастырылады, оқыту модулінде цифрлық ортадағы асихронды және синхронды байланыс сервистерінің қызметі, контент модулінде кітапхана, аудио, видео ресурстарды орналастыру қарастырылады.

Аралас оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік-технологиялық ресурстар мен өнімдерді  университет базасындақұрастыру және осы бағытта отандық және шетелдік серіктес ұйымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі университеттің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Ұсынылып отырған аралас оқытудың педагогикалық дизайнын ғылыми-әдіснамалық, әдістемелік негіздеп,  апробациялау арқылы оқу үдерісіне  енгізу университеттің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Цифрлық білім беру технологияларының интеграцияланған педагогикалық дизайнын ендіру базасы ретінде университеттің еліміздегі аралас оқытудың ғылыми-практикалық орталығына айналып,  жоғары оқу орны оқытушылары мен болашақ педагогтардың, мектеп мұғалімдерінің әдістемелік семинарлары мен конференцияларын тұрақты түрде өткізу, әдістемелік портал құру, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру жұмыстары Жобаның практикалық маңызын құрайды. Ғылыми зерттеулерге студенттер мен магистранттарды, жас ізденушілерді тарту, беделді ғылыми басылымдарға зерттеу нәтижелерін жариялау, монографиялар шығару, авторлық құқық пен патенттер алу жұмыстары  университеттің ғылыми кадрларының деңгейін көтереді. 

Бұдан басқа, аралас оқытудың жаңа дизайны әдістемесі мен технологиясы бойынша пәнаралық элективті курстар енгізумен университеттің білім беру бағдарламаларының академиялық артықшылық деңгейі артатын болады, студенттердің   аралас оқыту дағдылары мен пәнаралық құзіреттіліктері Батыс Қазақстан өңірінің білім беру ұйымдарын бәсекеге қабілетті мамандармен толығуына әсер етеді.  Педагогикалық дизайн және цифрлық технологияларды пайдаланудың пәнаралық тәжірибесін меңгерген болашақ мамандардың еліміздегі білім беруді  технологияландырудыңөзекті міндеттерін шешуге  әзірлік  деңгейі жоғарылайды деп күтілуде.

Бізге жазыңыз
Егер сізде сұрақтар туындаса, контактілеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз