1. Зерттеу нәтижелері бойынша индекстелетін Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Russian Science Citation Index Web of Science базасында және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда 2 (екі) мақала немесе шолу; сондай-ақ БҒССҚК ұсынған шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда 3 (үш) мақала және (немесе) шолулар жарияланатын болады. Бірінші мақала цифрлық қоғам дәуіріндегі оқыту моделін қайта қарастыру мәселелері бойынша педагогикалық және әлеуметтік зерттеулерге шолу жасауға арналады. Екінші мақалада пандемия кезінде және пандемиядан кейінгі кезеңде кеңінен қолданылатын онлайн оқыту мен аралас оқытудың заманауи тенденциялары талданады. Үшінші мақалада университеттерде аралас оқытудың педагогикалық және технологиялық дизайнының үрдістері мен перспективаларын теориялық талдау нәтижелері қарастырылады, әдіснамалық тұжырымдамалары мен моделі негізделеді. Төртінші мақалада инновациялық цифрлық, дидактикалық және басқарушылық технологиялар мен құралдарды интеграциялау негізінде аралас оқытудың педагогикалық дизайны негізделеді, аралас оқыту нәтижесінде студенттердің жалпы және кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуын бағалау құралдары, өлшемдері мен көрсеткіштері бойынша диагностикалық алдын ала зерттеулер нәтижесі талданады.
Бесінші мақалада тиімділікті бағалаудың тиісті критерийлері мен көрсеткіштерімен жоғары оқу орнында аралас оқытудың интеграцияланған цифрлық білім беру технологиясын әзірлеу және іске асыру бойынша эксперименттік зерттеу нәтижелері талданатын болады.
2. Дидактикалық және цифрлық білім беру технологияларын жоғары оқу орындарындағы аралас оқытудың бірыңғай жүйесіне интеграциялау негізінде жоғары оқу орнында аралас оқытудың педагогикалық дизайнының әдіснамалық тұжырымдамасы мен құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленетін болады.
3. Ашық баспасөзде "Цифрлық білім беру технологиялары негізінде аралас оқытудың ғылыми негіздері" тақырыбына 1 монография; "Аралас оқытудың дидактикасы" және "Аралас оқытудың әдістемесі мен технологиялары" тақырыптарына 2 оқу құралы; "Цифрлық білім беру технологиялары негізінде ЖОО-да аралас оқыту" тақырыбына 1 әдістемелік құрал жарияланатын болады. Жоғарыда аталған басылымдарға авторлық құқықтар алынатын болады.
4. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті сайтының базасында тиімділікті бағалаудың тиісті өлшемшарттары мен көрсеткіштері негізінде "ЖОО-да аралас оқытудың интеграцияланған цифрлық білім беру технологиясы" әзірленіп, сынақтан өткізіліп іске асырылатын болады.
Аралас оқытуда технологияландырылған дербес басқару жүйелерін интеграциялау арқылы тұтас цифрлық басқару ортасын қалыптастырылады. Білім беру процесін ұйымдастыруда оқыту іс әрекеттері, оқыту, контент басқару жүйелері бір платформада ұсынылатын болады. Бірыңғай платформа 3 модульден тұрады: 1) Басқару модулі арқылы білім беру үрдісін ұйымдастырылады. Білім алушылар, оқытушылар, мекеме басшылары/менеджерлердің рөлдеріне қолжетімділіктер беріледі. Қадағалау, бағалау, мониторинг жүйелерінің жұмысы жүргізіледі. 2) Оқыту модульінде цифрлық ортадағы асихронды және синхронды байланыс сервистерінің қызметі, онлайн тақталардың ресурстары, тапсырмаларды жобалау және жасау, тағайындау жабдығы, бағалау құралдары орнатылады. 3) Контент модулінде кітапхана, аудио, видео ресурстарды орналастыратын бөлік қарастырылады. Белсенді оқыту әдістерін қамтамасыз ету ресурстары мен сілтемелерді қосу мүмкіндіктері беріледі. Бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері платформа тиімділігін бағалау, аралас оқыту үрдісін ұйымдастыруды бағалау, студенттердің аралас оқытуды пайдалану құзіреттіліктерін бағалау бойынша құрастырылады. "ЖОО-да аралас оқытудың интеграцияланған цифрлық білім беру технологиясы" жүйесіне патент алынады.
5. Жоба нәтижелері туралы ақпаратты тарату, оларды енгізу және коммерцияландыру мүмкіндігін арттыру үшін "ЖОО-да аралас оқытудың интеграцияланған цифрлық білім беру технологиясын" енгізу бойынша ақпараттық-білім беру және әдістемелік-технологиялық материалдар орналастырылатын Жобаның сайты әзірленіп енгізіледі. Жұмыс нәтижелері бойынша жобаның әріптес жоғары оқу орындары мен колледждерінен енгізу актілері алынады.
6. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті жанында Аралас оқыту орталығы ашылып өз жұмысын атқарады. Аралас оқыту орталығында ЖОО-ның басшылары, менеджерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамының, студенттер мен басқа да стейкхолдерлерге цифрлық білім берудің технологияларын интеграциялауға негізделген жоғары оқу орындарында аралас оқытудың педагогикалық дизайны мәселелері бойынша біліктілігін арттырады, сонымен қатар, Орталық мамандары консалтинг және сарпатамалық қызметі көрсетеді. Жоба бойынша зерттеу нәтижелері мен тәжірибе әлеуметтік желілер мен сайт арқылы вебинарлар, форумдар, чаттар мен блогтарда талқыланып таратылады және желілік қоғамдастықтар жүзеге асырылатын болады. Жобаға қатысу нәтижесінде ЖОО басшылары, қызметкерлері, оқытушылар мен студенттері ақпараттық, коммуникативті, инновациялық, метатанымдық, басқарушылық құзіреттіліктерін жетілдіреді. Дәстүрлі басқару, оқыту мен оқу формалары, әдіс-тәсілдері, құралдары мен ресурстары трансформацияланып инновациялық білім алу ортасына айналады. Мәселен, қағаз басты жұмыс пен экономикалық эффект байқалады және білім беру субъектілерінде көшбасшылық қасиеттер мен ақпараттық мәдениет қалыптасады.
Осылайша, жоба нәтижелері Батыс Қазақстан облысында да, республикалық және халықаралық ауқымда да мультипликативті, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық нәтиже көрсетеді деп күтілуде, өйткені ОПҚ мен студенттердің академиялық ұтқырлық деңгейін арттыру негізінде ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді.