2023 жылғы 28-29 сәуірде өңірдегі жоғары оқу орындарын аралаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университетінде болып, ғалым-оқытушыларымен, студенттермен кездесті, ғылыми жобалармен танысты.
Біздің зерттеу тобының «Жоғары оқу орындарында цифрлық білім беру технологияларын интеграциялауға негізделген аралас оқытудың педагогикалық дизайны» тақырыбындағы 2022-2024 жылдарға ғылыми қаржыландыру грантына ие болған Ғылыми Жобамыз туралы Саясат Нұрбекпен пікірлесуге мүмкіндік алдық. Біз бүгінгі күні жсаалып жатқан аралас оқытудың әдіснамалық тұжырымдамасы мен оны ендірудің академиялық, технологиялық және инстуционалдық аспектілерімен, цифрлық технологиялардың интерацияланған платформасын құрастыру барысымен, жарияланымдар және авторлық құқықтар алу туралы баяндадық. Министр аралас оқытудың педагогикалық дизайны, заманауи контенттер даярлау, студенттермен жеке жұмыс ұйымдастыру мүмкіндігі, т.б. өзекті мәселелерге өз қолдауын білдірді.
Министрмен бірге біздің университетімізде ҚР Жоғары оқу орындары Ассоциациясының басшысы Р.Алшанов және еліміздегі 50-ден астам жеке оқу орындары басшылары болды.