Жоба жетекшісі С.М.Бахишева және зерттеу тобы мүшесі З.Ғ.Мұқтар 2024 жылғы 19 тамызда Орал қалалық білім беру бөлімінің шақыруымен Орал қаласы мектеп басшыларымен «Білім берудегі цифрлық технологиялары және аралас оқыту» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар аясында Ғылыми жоба жоспары бойынша жарық көрген «Цифрлық білім беру технологияларын интеграциялау арқылы аралас оқытудың педагогикалық негіздері» атты С.М.Бахишеваның жетекшілігімен жобаның зерттеу тобынан тұратын авторлық ұжым құрастырған Монографияның және жоба зерттеушілері Ж.С.Кажиакпарова мен Р.С.Кинжекованың авторлығымен шығарылған «Цифрлық білім беру негізінде жоо аралас оқыту технологиялары» оқу құралының таныстырылымы өткізілді. Таныстырылымнан соң аталған еңбектердың 160 данасы қаланың барлық мектептеріне тегін таратылды.