Қазіргі қарқынды өзгерістер, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жоғары оқу орындарында мамандар дайындауда білім мен дағдыларды, тәжірибені үнемі жетілдіруді талап етуде. Оның бір шешімі ретінде аралық оқыту семинарлар сериясы ұйымдастырылып тұрады. Университетімізде биылғы оқу жылынан бастап ашылған, педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Бахишева Светлана Мендигалиевна жетекшілік ететін білім беру технологиялары мен аралас оқу орталығы, цифрландыру және инновация департаменті, педагогика және психология, қоғамдық пәндер және дене мәдениеті кафедралары 31 қаңтар –01 ақпан күндері оқытушылары мен магистранттары үшін алғашқы екі күндік семинар өткізді.
1-күн Оқытудағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект тақырыбына арналды. Семинар жұмысы БҚИТУ Білім және менеджмент институтының директоры Тасмағамбетов Әсет Сембаевичтың алғы сөзімен басталды. БҚИТУ Бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор м.а Машанова Самал Амангельдиевна, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан гуманитарық ғылымы академиясы академигі, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының корреспондент-мүшесі. Рысбеков Тұяқбай Зейтұлы теориялық бөлімде қазіргі жоғары білім берудегі басымдықтар, педагог мамандарды дарялаудағы талаптар, ұсыныстар туралы баяндап, жеке көзқарастары мен толғамды ойларымен бөлісті.
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айтпукешев Айдарбек Тулепович, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Сафуллин Елдос Набиоллиевич, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Рахманов Нұрлыбек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы «8D01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының докторанты Рамазанова Ләззат Есентаевна студенттерге бағытталған оқыту, қазіргі мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде ескерілуі керек аспектілер, басшылық қызметтегі бұлттық технологияларды тиімді қолдану, VR және AR технологияларын, медиа сауаттылық, нейрондық желілерді сәтті қолдану туралы баяндады, интерактивті байланыс орнатты, тәжірибелерімен бөлісті.
2-күн. Білім берудің қазіргі тенденциялары, болашақ дамуы және ондағы оқытушының рөлі
Семинардың екінші күні арнайы шақырылған спикерлердің кәсіби тәжірибелеріне арналды. БҚИТУ Ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Жұбантаев Ізімғали Нұрымұлы алғы сөз сөйлеп, тақырыптардың маңыздылығана тоқталды, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Білім беру технологиялары және аралас оқыту орталғының жетекшісі, п.ғ.д., профессор Бахишева Светлана Мендыгалиевна студенттерге бағытталған трендтерге шолу есебінде ұрпақтар ерекшелігі теориясы, конструктивизм, гибридті және аралас оқыту, скаффолдинг, т.б. туралы жайттарды қызықты мәлімдеді. Интенсив семинарына қатысқан спикерлер қазіргі ақпараттық заман талаптарын терең меңгерген, креативтік оқу орындарының менеджерлері, бірнеше тілде еркін сөйлеп тұрған, тыңдаушыларын тәнті ете білетін замануи жас басшылар семинар тыңдаушыларының көңілінен шықты.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде қоғамдық пәндер және дене мәдениеті кафедрасының оқытушылары – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кажиакпарова Жадыра Сериковна мен Цифрландыру және инновация департаментінің басшысы Мұхтар Зинур Ғафурұлы өзекті тақырыпта шеберлік сыныптарын өткізді. Жадыра Сериковна «Flip PDF Professional – интерактивті электронды кітаптар мен брошюраларды жасау» тақырыбында бетті анимациялық айналдыру арқылы кітап жасау дағдыларын үйретті, Зинур Ғафурұлы «Оқытудағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану кейстері» тақырыбында қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген сервистерде жұмыс жасау бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Практикалық бөлімде қазіргі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект сервистерімен жұмыс жасау бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.