Ұйымдастыру жұмыстары. «Білім және менеджмент» институты жанындағы «Білім беру технологиялары және аралас оқыту орталығы» өз жұмысын 2023 жылғы қазан айынан бастады. Орталықтың Ережесі жасалып, мақсат-міндеттері, жоспары айқындалды.
Орталықтың миссиясы: Цифрлық дәуірдің инновациялары негізінде университеттің ғылыми-педагогикалық жұмысына жаңа серпін беру; Мақсаты: Заманауи технологиялар мен цифрлық ресурстарды енгізу арқылы білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін арттыру, оқытушылардың цифрлық әлеуетін дамыту болып белгіленді.
Міндеттері мен қызмет бағыттары. Орталық 4 бағытта қызмет көрсетеді. Олар:
- ЖОО оқытушыларын қолдау: білім беру мен ғылыии-зерттеу жұмыстарында жаңа технологиялар мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануға үйрету.
- Аралас оқытуды ұйымдастыру және дамыту: оқытуды және білім берудің қолжетімділігін жақсарту үшін дәстүрлі сыныптық оқыту мен онлайн ресурстардың комбинациялау.
- Оқу нәтижелері мен олардың тиімділігі туралы деректерді зерттеу және талдау: Студенттер мен оқытушылардың сұранысы бойынша жаңа әдістемелер мен цифрлық технологияларды бейімдеу.
- Қосымша білім беру: Білім беру ұйымдарын педагогтерінің цифрлық қоғамдағы дағдылары мен құзыреттілігін дамыту үшін біліктілігін арттыру.
Аталған бағыттар бойынша Орталықта жоспарланған шеберлік сағаттар мен оқыту семинарларының тақырыптары:
Цифрлық дәуірде оқытудың негізгі трендтері. Онлайн платформаларға шолу: Coursera, Udemy, EDX, Thinkific, WizIQ, т.б. Гибридті және аралас оқыту. Студенттің жеке траекториясында оқыту
Аралас оқытуды ұйымдастыру практикасы. Оқыту технологиялары (Онлайн-оффлайн, Rotation, flipped-class, flexible class, face to face т.б.) Синхронды және асинхронды оқыту (онлайн-тақта, ВКС, хабар алмасу). Жеке оқыту, конструкторлар, кері байланыс, интерактивті тақталар, геймификация
Білім беру және ғылыми зерттеулерде АІ (жасанды интеллект) қолдану. АІ арқылы сабақты жобалау, бағдарлама жасау, тапсырмалар құру. ChatGPT-ді плагиатты тексеруде, аудармада, контент құрастыруда қолдану.
Цифрлық контенттер құрастыру және сақтау. Видеосабақтар, подкасттар, анимациялар, тик-ток, т.б. Бұлттық сақтау, репозиторийлар, кітапханалар
Орталықтың міндеттеріне сай орындалған жұмыстар:
І. 2023 жылғы 08 қарашада орталықтың ашылуына орай оқытушыларға арналған «Ғылыми зерттеулердегі инновациялар: цифрлық шешімдер мен заманауи әдістер» тақырыбында шеберлік – сыныптары өткізілді.
Шеберлік сыныптың спикерлері мен жүргізушілері:
- Орталқтың ашылуы, мақсат-міндеттері мен қызметі туралы. Орталық жетекшісі, п.ғ.д., қауымдаст.профессор Бахишева С.М.
- Ғылыми мақалалар жазуды үйрену, Мағжан Қайранбай, Малазия, Куала-Лумпур, Senior Machine Learning Engineer, Машиналық оқыту бойынша аға инженер, философия докторы (Ph.D.)
- Ғылыми-зерттеу тәжірибесінде цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндіктері / Возможности использования цифровых инструментов в научно-исследовательской практике, Е.В.Тихонюк, старший преподаватель, доктор философии (Ph.D.)
- Google Forms мүмкіндіктерін эмпирикалық зерттеулерде деректерді жинау және талдау үшін қолдану, З.Г.Мұхтар, цифрландыру және инновация департаментің басшысы, педагогика ғылымдарының магистрі
ІІ. 2024 жылы 31 қантарда «Оқытудағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект» оқыту семинары өткізілді. Спикерлер мен тақырыптар:
- «Университетское образование: вызовы и возможности», С.А.Машанова, БҚИТУ Бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор м.а.
- «Студентке бағытталған оқытудың трендтеріне шолу». С.М.Бахишева, білім беру технологиялары және аралас оқыту орталығының жетекшісі, п.ғ.д., қауымд.профессор
- «Оқытудағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану кейстері», З.Г.Мұхтар, цифрландыру және инновация департаментінің басшысы
- «Flip PDF Professional - интерактивті электронды кітаптар мен брошюраларды жасау», Ж.С.Кажиакпарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
ІІІ. 2024 жылы 1 ақпанда «Білім берудің қазіргі тенденциялары мен болашақ дамуы және ондағы оқытушының рөлі» оқыту семинары өткізілді. Спикерлер мен тақырыптар:
- «Жоғары білім берудің жаңа талаптары: озық идеялар мен батыл қадамдар», Т.З.Рысбеков, т.ғ.д., профессор, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының корреспондент-мүшесі.Университет құрылтайшысы.
- «Современный учитель: как организовать обучение и преподавание?» А.Т.Айтпукешев, Орал қаласындағы НЗМ директоры
- «Педагог қызметінің сапасын арттырудағы бұлттық технологияның орны», Е.Н.Сафуллин, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры
- «Білім беру саласындағы медиа дағдылардың тиімділігі», Н.Н.Рахманов, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары
- «Интерактивті білім беру ортасын құрудағы AR (кеңейтілген шындық), VR (виртуальды шындық) технологиясын қолдану», Л.Е.Рамазанова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы «8D01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының докторанты
Орталықтың ғылыми- зерттеу жұмыстары
Зерттеу бағыттары: «Жоғары оқу орындарында цифрлық білім беру технологияларын интеграциялауға негізделген аралас оқытудың педагогикалық дизайны» тақырыбы бойынша ғылым зерттеу жобасын жүзеге асыру.
Орындалған жұмыстар:
- Зерттеу әдістері негізінде студенттер мен оқытушылар және құрылымдық бөлімшелер басшылары қатысуымен әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде төмендегі Әдістемелік нұсқаулар құрастырылды: Аралас оқыту платформасының тиімділігін бағалаудың әдістемелік ұсынымдары; Аралас оқыту шеңберінде студенттердің өзін-өзі реттейтін оқыту құзыреттерін бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар; Аралас оқыту процесін ұйымдастыру және бағалау критерийлері мен көрсеткіштері бойынша әдістемелік нұсқаулық.
- Технологияландырылған дербес басқару жүйелерін интеграциялау негізінде аралас оқытудың цифрлық білім беру ортасы әзірленді. Қазіргі уақытта платформа білім беру процесін ұйымдастырудағы оқыту әрекеттерін, оқытуды, мазмұнды басқару жүйесі ретінде эксперимент режимінде сынақтан өтуде. Платформаға сілтеме: https://blearning.kz/login
- Жобаның нәтижелері туралы ақпаратты тарату, енгізу және коммерцияландыру мүмкіндігін арттыру үшін сайт әзірленді https://b-learning.kz/kk/ . Сайтта қазіргі уақытта ғылыми жобаның нәтижелері туралы ақпараттық-білім беру және әдістемелік-технологиялық материалдар, ғылыми жарияланымдар, авторлық құқықтар орналастырылған және жаңартылуда.
- «Scopus» базасындағы индекстелетін журналға мақала шығарылды. Единая среда смешанного обучения: казахстанский контекст. // Образование и наука. – 2024 https://doi.org/10.17853/1994-5639-2024-3371 (Бахишева С.М., Тихонюк Е.В., Мухтар З.Г., Кинжекова Р.С., Кемешова А.М.)
- КОКСОН тізімне енгізілген Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының «Педагогика.Психология.Әлеуметтену» сериясындағы журналға «Аралас оқытудың дидактикалық мәселелері» ұсынылып, қабылданды.
- Ғылыми туындыларға берілген Авторлық құқық Куәліктері алынды. «Критерии и методика оценки эффективности образовательной платформы смешанного обучения» көрсеткіштер мен әдістемесіне ғылыми туынды ретінде ҚР авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Кәулігі. 2023 жылғы 10 қараша, № 40371