1. Цифрлық қоғам дәуіріндегі оқыту моделін қайта қарау мәселелері бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу және әлеуметтанулық зерттеулер негізінде негіздеу
Цифрлық қоғам дәуірінде оқыту моделін қайта қарастыру мен әлеуметтік зерттеулердегі негіздеулер бойынша әлемдік және отандық ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалды. "Scopus", "Web of Science" жетекші халықаралық библиографиялық платформалар базаларынан және "Elsevier", "Springer Science" және т. б. баспалардан ғылыми мақалалар зерттелді. Қазіргі зерттеушілердің цифрлық дәуірдегі оқытудың жаңа моделі және пандемиядан кейінгі білім беруді ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде трансформациялау мәселелері бойынша барлығы 70-тен астам мақалалары зерделенді, талданды. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау және студенттер, ПОҚ және басшылық арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізу негізінде екі ғылыми мақала дайындалды, онда -31 ғылыми жұмыстар келтірілген, оның 18 - і-ағылшын тілінде, 13-і қазақ және орыс тілдерінде. ҚР батыс өңірлеріндегі 7 ЖОО-ның 492 студенті, 70 магистранты, 115 ПОҚ, 41 менеджері, бөлім басшылары қамтылған әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
1. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу
Бірінші мақала цифрлық қоғам дәуіріндегі оқыту моделін қайта қарастыру мәселелеріне арналған және әлемдік тәжірибені шолу мен педагогикалық, әлеуметтік зерттеулерді талдау материалдарымен негізделген. Мақаланың атауы: "Цифрлық қоғам дәуіріндегі оқыту моделі: аралас оқытудың педагогикалық дизайны". Мақалада жоғары оқу орындарына аралас оқытуды ендірудің теориясы мен тәжірибесін зерделеу, оның тұжырымдамасын, дидактикалық және технологиялық тұтастығын қамтитын педагогикалық дизайнын анықтауға арналған эксперименттің бірінші кезеңі қорытындысы талданды, аралас оқытудың педагогикалық дизайнының мазмұны мен құрылымы анықталды. Жоғары оқу орындарында оқытудың әлемдік теориясы мен практикасын талдау негізінде аралас оқытудың педагогикалық дизайнының әдіснамалық, дидактикалық, технологиялық және құрылымдық - мазмұндық моделінің компоненттері анықталды. Институционалдық, педагогикалық және технологиялық даярлықтың қажетті деңгейлері, бағалау объектілері, олардың дайындығының өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды. Зерттеудің бірінші кезеңінің қорытындылары, алынған нәтижелер мен қорытындылар аралас оқытудың педагогикалық дизайнын әзірлеудің келесі кезеңіне өтуге негіз болады. Мақала 15 бетте және "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы", педагогикалық серия ҚР ҒжЖБМ ҒжЖБССҚК ғылыми басылым редакциясының электронды порталына орналастырылған. Қазіргі уақытта мақала "плагиатқа қарсы" тексеру кезеңінен өтті және "рецензиялау" кезеңінде. Анықтама: № 22-24-97, 24.11.2022
2. Әлеуметтік зерттеулер жүргізу
Бірінші зерттеудегі әлеуметтік зерттеулерде 7 университеттен 280 студент пен 56 магистрант, 74 ПОҚ және 23 менеджер қамтылды. Зерттеудің 1 кезеңінің қорытындысы бойынша студенттер мен ПОҚ-ның цифрлық сауаттылық деңгейлері, аралас оқытудың эксперименттік педагогикалық дизайнын әзірлеу үшін эксперименттік базаның институционалдық, педагогикалық және технологиялық дайындығы айқындалды, экспериментті ұйымдастырушылық-технологиялық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленді. Екінші мақаланың тақырыбы бойынша талдау жасау үшін 212 студент пен 14 магистрант, 41 ПОҚ және 17 университет менеджері әлеуметтік зерттеулермен қамтылды. Диагностикалық кезеңде экспериментке қатысатын оқытушылардың, студенттердің және әкімшілік қызметкерлердің интеграцияланған басқару жүйелерін қолдануға дайындығы "SAMR" моделімен өлшенді. Таңдалған өлшемдер мен көрсеткіштер сауалнамаға қатысқандардың технологияны қолдануға дайындық деңгейін анықтауға, аралас оқыту моделін енгізуге дайындық кезеңінде айқындалған проблемалар мен шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді Әлеуметтік және педагогикалық зерттеулердің нәтижесінде респонденттердің аралас оқыту форматы туралы түсінігі мен көзқарасы, қашықтықтан оқытудан алынған онлайн оқыту тәжірибесі, әртүрлі платформаларда жұмыс істеу ерекшелігі, оқыту мазмұнын құру, оқытуды басқару, ақпараттық технологиялармен жұмыс деңгейі, проблемалар мен шешу жолдары айқындалды.
3. Жоғары білім берудегі аралас оқытудың әлемдік және отандық тәжірибесін зерделеу және талдау.
Екінші мақала шетелдік және отандық теория мен тәжірибені, сондай-ақ әлеуметтік зерттеулерді талдау материалдарын зерделеу негізінде ЖОО-да аралас оқытуды технологиялық басқару жүйелерінің интеграцияланған моделін әзірлеуге арналған. Мақаланың атауы: "Аралас оқыту: заманауи үрдістері, тәжірибесі және технологиялық мүмкіндіктер". Мақалада аралас оқытуды ұйымдастыру туралы шетелдік және қазақстандық материалдар талданады, цифрлық білім беру технологияларын қолдану әлеуеті айқындалады. Зерттелген нормативтік құжаттар мен ғылыми әдебиеттерді салыстыру және синтездеу нәтижесінде қорытындылар тұжырымдалды, алынған мәліметтерді жүйелеу және өңдеу жүргізілді. Жүйелеу және жобалау әдістерінің негізінде технологиялық оқу ортасының модельдері, басқару жүйелері, аралас оқыту компоненттері мен құрылымдары жасалды. LAMS, LMS, CMS жүйелерін интеграциялау негізінде аралас оқытуды басқарудың эксперименттік моделі ұсынылған, ол ЖОО-ның білім беру процесін ұйымдастыру, бақылау, бағалау және өзгерістер енгізу бойынша рәсімдерді іске асыруда тұтас тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зерттеудің осы кезеңінің нәтижелері ретінде аралас оқытудың педагогикалық дизайнының ғылыми негіздері анықталды. Аралық нәтижелер ЖОО да аралас оқытудың құрылымы мен мазмұнын одан әрі модельдеудің алғышарты болып табылады. 16 беттен тұратын мақала "Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы" педагогикалық-психологиялық серия, ҚР ҒжЖБМ ҒжЖБССҚК ғылыми басылымының редакциясының электронды порталына жүктелді. Қазіргі уақытта мақала "плагиатқа қарсы", "рецензиялау" тексеру кезеңдерінен өтті және 2022 жылғы №4 басылымға дайындалуда. Анықтама: 2022.11.23 №1272
4. Иннополис, Татарстан, РФ қаласындағы Иннополис Университетінің тәжірибесін зерделеу және талдау
Иннополис Университетінің электрондық ақпараттық-білім беру ортасы: * оқу жоспарларына, пәндердің (модульдердің), практикалардың жұмыс бағдарламаларына, электрондық кітапхана жүйелерінің басылымдарына және жұмыс бағдарламаларында көрсетілген электрондық білім беру ресурстарына қол жеткізу; * білім беру процесінің барысын, аралық аттестаттау нәтижелерін және бакалавриат бағдарламасын игеру нәтижелерін тіркеу; * электрондық оқытуды, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы іске асырылуы көзделген сабақтардың барлық түрлерін, оқыту нәтижелерін бағалау рәсімдерін өткізу; * білім алушының электрондық портфолиосын қалыптастыру, оның ішінде білім алушының жұмысын, білім беру процесіне кез келген қатысушылар тарапынан осы жұмыстарға шолулар мен бағаларды сақтау; * білім беру процесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде "Интернет" желісі арқылы синхронды және (немесе) асинхронды өзара іс-қимыл мүмкіндігі берілген.
5. ҚБТ бойынша оқу процесіне ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық қолдау көрсететін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңа білім беру технологиялары институтының қызметімен танысу мақсатында Алматы қаласына іссапар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға іс-сапар нәтижесінде академиялық және цифрлық инновациялар кеңсесінің жұмысы таныстырылды. Жоба аясында цифрлық білім беру платформаларын дамыту және қолдану тұжырымдамасы талқыланды. Университет қызметкерлерімен және ПОҚ-мен тәжірибе алмасу өтті, Univer жүйесі, Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі зерделенді және талданды, open.kaznu.kz, moocs.kz ашық онлайн курстар платформаларының қызметін үйлестіру бойынша ЖОО тәжірибесі. Бейнежазба студиясында жұмысты ұйымдастырудың техникалық жабдықталуымен және онлайн курстарды құру әдістемесімен таныстырылды. Университеттің технологиялық оқыту ортасын ұйымдастыру және оқыту үдерісін басқарудағы тәсілдері бойынша пікір алмастырылды. Оқытушылардың платформалармен жұмыс жасаудағы құзыреттіліктері мен дағдыларын дамыту шаралары, студенттердің дербес даму траекторияларын қалыптастыру әдістері қаралды. 07.11.2022 №44-9-3885 хат