2023 жыл

6. ЖОО-да аралас оқытудың бірыңғай моделіне дидактикалық және цифрлық білім беру технологияларын интеграциялау негізінде жоғары оқу орнында аралас оқыту моделінің педагогикалық дизайн тұжырымдамасын әзірлеу.

6.1. Әдістемелік, дидактикалық және технологиялық негіздемелермен аралас оқытудың педагогикалық дизайнын әзірлеу.

Ғылыми мақалалар дайындалып БҒССҚК ұсынған отандық және екі шетелдік басылымдарға жарияланды.
1. Бахишева, С., Иргалиев, А., Кинжекова, Р. и Кемешова, А. 2023. ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ЦИФРОВОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ В УСЛОВИЯХ СМЕШАННОГО ОБУЧЕНИЯ. ХАБАРШЫ «Психология» сериясы. 75, 2 (июн. 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.75.2.026.
2. М. Бахишева, З.Г. Мухтар. Единая система управления смешанным обучением // «Alma mater» (Вестник высшей школы) – 2023 – №09 – С. 49-57
Ғылыми туындыға авторлық құқық алынды: «МОДЕЛЬ ЕДИНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПЛАТФОРМЫ ДЛЯ УПРАВЛЕНИЯ ПРОЦЕССОМ СМЕШАННОГО ОБУЧЕНИЯ» 2023 жылғы 9 қараша № 40343
3. Мухтар З. Г., Бахишева С. М. Методологическая концепция и методы интеграции технологических систем управления смешанным обучением в вузе // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – № 08 (август). – С. 106–118. – URL: http://e-koncept.ru/2023/231075.htm

6.2. Финляндия Республикасы, Хельсинки қаласындағы Оулу университетінің оқу процесін цифрландыру тәжірибесін онлайн зерттеу

Финляндия Республикасы, Хельсинки қаласындағы Оулу университетінің оқу процесін цифрландырудың инновациялық тәсілі ретінде Infotech Oulu Focus Institute - ақпараттық технологиялар институты қызметі мен тәжірибесіне онлайн шолу жүргізілді.

6.3. Аралас оқытудың құрылымдық-мазмұнды моделін ұсыну Дидактикалық және цифрлық білім беру технологияларын аралас оқытудың бірыңғай жүйесіне интеграциялау негізінде ЖОО-да аралас оқытудың педагогикалық дизайнының әдіснамалық тұжырымдамасы мен құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленді.
1. Мухтар З. Г., Бахишева С. М. Методологическая концепция и методы интеграции технологических систем управления смешанным обучением в вузе // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2023. – № 08 (август). – С. 106–118. – URL: http://e-koncept.ru/2023/231075.htm
2. «Структура и содержание педагогического дизайна смешанного обученияна основе трансформации дидактической модели» Ғылыми туындысына ҚР авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Кәулігі алынды. 2023 жылғы 27 сәуір № 35202

7. LAMS, LMS, CMS цифрлық білім беру технологияларының интеграцияланған моделін әзірлеу, өнімділікті бағалау критерийлері мен көрсеткіштерін әзірлеу.
7.1. LAMS, LMS, CMS цифрлық білім беру технологияларының интеграцияланған моделін әзірлеу
LAMS, LMS, CMS цифрлық білім беру технологияларының интеграцияланған моделі, аралас оқыту туралы ереже және цифрлық білім беру технологияларының интеграцияланған моделіне негізделген жұмыс ережелері әзірленді:
1. «Аралас оқытудың технологиялық басқару жүйелерін интеграциялау моделі» интеграцияланған моделі әзірленіп, ғылыми туынды ретінде ҚР авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Кәулігі алынды. 2023 жылғы 7 сәуір, № 34433
2. Аралас оқыту нысанындағы оқу процесін ұйымдастыру бойынша әзірленген ережесі мен қағидалары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Ғылыми кеңесі отырысының 2023 жылғы 26 мамырдағы №10 хаттамасымен бекітілді.

7.2. ЖОО-да аралас оқытудың цифрлық білім беру платформасын құру
Технологияландырылған дербес басқару жүйелерін интеграциялау негізінде аралас оқытудың цифрлық білім беру ортасы әзірленді. Қазіргі уақытта платформа білім беру процесін ұйымдастырудағы оқыту әрекеттерін, оқытуды, мазмұнды басқару жүйесі ретінде эксперимент режимінде сынақтан өтуде.
1. Платформаға сілтеме: https://blearning.kz/login
2. Дайындалған «Модель единой образовательной платформы для управления процессом смешанного обучения» моделіне ғылыми туынды ретінде ҚР авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Кәулігі алынды. 2023 жылғы 9 қараша, № 40343

7.3. Білім беру платформасының тиімділігін бағалау, аралас оқыту процесін ұйымдастыруды бағалау, аралас оқытуды іске асыру шеңберінде студенттердің өзін-өзі реттейтін оқыту дағдыларын бағалау критерийлері мен көрсеткіштерін әзірлеу
Білім беру платформасының тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар, аралас оқыту процесін ұйымдастыруды бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері, аралас оқытуды іске асыру шеңберінде студенттердің өзін-өзі реттейтін оқыту дағдылары бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді және 2023 жылғы 26 қазандағы №2 Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқу – әдістемелік кеңесі отырысының хаттамасымен бекітілді.
1. Аралас оқыту платформасының тиімділігін бағалаудың әдістемелік ұсынымдары;
2. Аралас оқыту шеңберінде студенттердің өзін-өзі реттейтін оқыту құзыреттерін бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар;
3. Аралас оқыту процесін ұйымдастыру және бағалау критерийлері мен көрсеткіштері бойынша әдістемелік нұсқаулық

Әзірленген «Критерии и методика оценки эффективности образовательной платформы смешанного обучения» көрсеткіштер мен әдістемесіне ғылыми туынды ретінде ҚР авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Кәулігі алынды. 2023 жылғы 10 қараша, № 40371

7.4. Жоба сайтын әзірлеу
Жобаның нәтижелері туралы ақпаратты тарату, енгізу және коммерцияландыру мүмкіндігін арттыру үшін сайт әзірленді https://b-learning.kz/kk/. Сайтта қазіргі уақытта ғылыми жобаның нәтижелері туралы ақпараттық-білім беру және әдістемелік-технологиялық материалдар, ғылыми жарияланымдар, авторлық құқықтар орналастырылған және жаңартылуда.

7.5. Аралас оқыту үлгілерін онлайн зерттеу

Ресей Федерациясында аралас оқыту модельдеріне онлайн талдау жүргізілді, зерттелген тәжірибе жүйеленді және ғылыми Жоба аясында университетте "Білім беру технологиялары және аралас оқыту орталығы" жұмысын ұйымдастыруда қолдануға арналған материалдар дайындалды.

7.6. EdCranch халықаралық цифрлық білім беру форумына онлайн қатысу

Аралас оқытудың педагогикалық дизайнының халықаралық тәжірибесімен танысу үшін секцияларға онлайн қатысу жоспарланған: дербес оқыту, технологиялық платформалар, онлайн оқыту, оқытуды басқару жүйелері, педагогикалық дизайн, білім беру кеңістігінің дизайны, гибридті оқыту.
2023 жылғы 15-16 қарашада өтетін конференцияға онлайн-қатысу расталды.
1. Конференцияға онлайн тіркелу (билет)

8. Цифрлық білім беру платформасында интеграцияланған модельді сынақтан өткізу және енгізу
8.1. Цифрлық білім беру платформасында интеграцияланған модельді сынақтан өткізу, 1 кезең.

Қазіргі уақытта Scopus, Q2 негізінде ғылыми журналдың редакциясына мақала дайындалып, жіберілді.
«Аралас оқытуды ұйымдастыру экспериментінің 1-кезеңін диагностикалау моделі» әзірленген диагностикалау моделіне ғылыми туынды ретінде ҚР авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Кәулігі алынды. 2023 жылғы 9 қараша, № 40343